Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ АЙМАҚТЫҚ МАЗМҦНЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды December 2023

291

109

Аңдатпа

Бүгінгі таңда педагогикалық технологиялар негізінде оқыту мен оларды оқуға біріктіру
кӛптеген оқу пәндері үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мектеп географиясын
оқытуда заманауи технологияны пайдалану маңызды болуымен қатар, білім алушылардың
тақырыпты толық түсінуі үшін кӛрнекі құралдар қажет болатынын ескеру қажет. Интерактивті
карталарды, географиялық ақпараттық жүйелерді, бейне сабақтарды және басқа да заманауи
технологияларды пайдалану білім алушыларға географияны тереңірек және тиімді зерттеуге
мүмкіндік береді. Алайда, педагогикалық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары
көп болғанымен, мектеп географиясында аймақтық мазмұнды пайдалану кезінде туындайтын
мәселелер де аз емес.
Осы орайда, зерттеу жұмысының басты мақсаты ретінде педагогикалық технологиялар
негізінде жергілікті аймақты пайдаланудағы мәселелерін мектеп мұғалімдерінен сауалнама алу
арқылы анықтау әдісі таңдауға алынды. Жоспарланған зерттеу жұмысы барысында белгіленген
тақырып бойынша бірінші және екінші реттік дереккөздерін жинақтау қолайлы болып
табылады. Жергілікті және аймақтық мазмұн мектеп географиясын оқытуда маңызды рөл
атқарады, өйткені ол білім алушыларға белгілі бір аймақтың географиялық ерекшеліктерін
жақсы түсінуге және оларды жалпы географиялық принциптермен байланыстыруға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар, аймақтық мазмұнды пайдалану оқушылардың географияға деген
қызығушылығын арттырады және оқу процесін байытады. Мақалада мектеп географиясында
жергілікті аймақты пайдаланудағы мәселелері бойынша жан-жақты талдауы жасалынған.
Сонымен қатар, аймақтық мазмұнмен жұмысты ұйымдастырудың әдістері мен формалары
географиялық оқытуда білім беру мақсаттарына жетуде маңызды рөл атқарады. Әр түрлі әдістер
мен формаларды қолдану аймақтық ерекшеліктерді тереңірек түсінуге ықпал ететін қызықты
және тиімді оқу ортасын құруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері заманауи педагогикалық
технологиялар негізінде мектеп географиясындағы аймақтық мазмұнды пайдаланудағы
мәселелері бойынша ұсыныстарды қамтиды

PDF