Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ОҚУШЫЛАРҒА “ОЙЫН НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ” ЖӘНЕ “ЦИФРЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕУ” ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БІЛІМ САПАСЫН АНЫҚТАУ

Жарияланды December 2023

254

100

Аңдатпа

Мақалада жаратылыстану кабинетінде заманауи технологияны ертерек пайдаланудың
маңызды тұстары талқыланады. Соңғы уақытта заманауи технологиялық инновацияларды
қолдану бүкіл әлемде кеңейе бастады, өйткені жетілдірілген камералар, жеке компьютерлер,
сканерлер және пайдалануы оңай компьютерлік бағдарламалар озық әлемге ілесу үшін
мұғалімдерге қол жетімді болды. Оқу орындарына заманауи инновацияның әсері оң, себебі
оқушылардың негізгі ойлау жүйесі мен шығармашылық дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
Сарапшылар мұндай инновацияның үйлесуі оқушылардың белсенділігін, үлгерімін және
мотивациясын арттыратынын анықтады. Соның ішінде ойынға негізделген оқыту әдісі оқу
инновацияларымен жақсы үйлеседі. Электронды оқытудан гөрі ойын технологиясына көбірек
көңіл бөлінуде. Ойынға негізделген оқытуда оңтайлы оқу ортасын қамтамасыз ету үшін ойын-сауық ситуация түрінде ретінде ұсынылады, ал өзін-өзі қайта оқыту, үнемі өзара әрекеттесу және
оны іске асыру оқуға деген қызығушылық пен мотивацияны арттыра алады.

PDF