Мақалада химия мұғалімінің пәндік құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Заманауи білім беруді жаңарту мұғалімнің тұлғасына ерекше көңіл бөлуді, оның кәсіби қызметінің негізгі буындарын қайта қарауды талап етеді. Химия пәні мұғалімінің құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеудің өзектілігі қазіргі мектептегі мұғалім қызметінің өзгеріп
отыратын жағдайларына сәйкес кәсіби құзыреттілік мазмұнын модернизациялау қажеттілігімен,ьсонымен бірге үнемі өзгеріп отыратын қазіргі қоғамдағы химияның өсіп келе жатқан рөлімен де байланысты. «Құзыреттілік» және «пәндік құзыреттілікті қалыптастыру» терминдері нақтыланады. Қазіргі үздіксіз өзгеріп отыратын білім беру ортасында химия мұғалімінің пәндік химиялық құзыреттілігін дамытудың өзектілігі негізделген. Қазіргі жағдайда химия мұғалімінің
құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері талданды. Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзыреттілікті қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқытушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру мақсатында сол кәсіби әрекет саласына жағымды қатынасы мен оны табысты жүзеге асыруға мотивациясын және сол кәсіби салаға сай құндылықтарын қалыптастыру маңызды. Заманауи мұғалімге икемділік пен стандартты емес ойлау, өмір жағдайының жылдам өзгеруіне бейімделе білу қабілеті қажет. Ал бұл өз кезегінде кәсіби құзыреттілік пен кәсіби
қабілеттердің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырылады
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫҢ ПӘНДІК ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланды December 2023
275
64
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
