Мақалада жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына гетероциклдер негізіндегі
биологиялық белсенді заттар туралы білімдерді енгізудің өзектілігін көрсетеді. Әртүрлі
атомдары бар сақиналар болып табылатын гетероциклдер молекулалық биология мен
медицинада маңызды рөл атқарады. Жұмыста гетероциклдер туралы материалдарды оқу
курстарына тиімді енгізуге бағытталған педагогикалық әдістер қарастырылған. Студенттердің
гетероциклді қосылыстар туралы негізгі түсініктерін кеңейту үшін өте маңызды. Зерттеу жоғары
оқу орындарының оқу бағдарламаларына гетероциклдер негізіндегі биологиялық белсенді заттар
бойынша кеңейтілген курсты енгізудің маңыздылығын негіздейді. Бұл тақырып ағзалардағы
молекулалық механизмдерді түсінуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар фармацевтика
және медицина салаларында да қолданылады. Жұмыста студенттерге ғылым мен практиканың
заманауи талаптарына сәйкес келетін қажетті білім беру үшін осы материалды оқу үдерісіне
кіріктірудің тұжырымдамалық-әдістемелік тәсілдері ұсынылған.
ЖОО-да ГЕТЕРОЦИКЛДЕР НЕГІЗІНДЕГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТІ ЗАТТАР ТУРАЛЫ БІЛІМНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Жарияланды December 2023
273
56
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
