Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖЕЛІСІНІҢ АУМАҚТЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды December 2023

273

76

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінің жалпы
сипаты мен проблемаларын негіздей отырып, қазіргі жағдайы мен болашақ жоспары
қарастырылған.
Қазіргі ақпараттық кеңістікте ақпарат, білім және оларды жедел беру мүмкіндігі коммерциялық және мемлекеттік құрылымдардың да, жеке тұлғалардың да өсуі мен дамуының аса маңызды шарты болып табылады. Телекоммуникация желілері елдің экономикалық және саяси әлеуетін көрсететін негізгі көрсеткіштер мен факторлардың бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы телекоммуникация желілері заманауи өмірдің ажырамас бөлігіне айналып, қарқынды дамып келеді. Телекоммуникациялық қызметтердің қолжетімділігі өз алдына халықтың өмір сүру сапасының маңызды құрамдас бөлігіне айналуда, сонымен қатар оның білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік сияқты басқа компоненттеріне жанама түрде әсер етеді. Сонымен қатар, Қазақстандағы телекоммуникация қызметтерін дамытудың негізгі
проблемаларының бірі оның сапасы, жоғары құны және еліміздің шалғай аймақтары мен
ауылдық жерлеріне қолжетімділіктің жоқтығы болып қала береді.
Бұл жұмыстың негізгі нәтижесі елдегі телекоммуникация желілерінің таралу және даму
жылдамдығын талдау болып табылады. Жұмыс бойынша нәтижелер, әлемдік және Қазақстан
Республикасының статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйене отырып жасалды

PDF