Берілген мақалада қазіргі таңдағы маңызды болып табылатын тақырыптардың бірі қарас- тырылған. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы химия-биология таңдау пәні ретінде таңдаған оқушылар саны 19% болса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 17.5% болған.Мақалада мектеп оқушыларына, оның ішінде жоғары сынып оқушыларына қатысты химия пәнінен элективті курстар өткізудің тиімділігі, маңызы және күтілетін нәтижелері туралы қарастырылған. Элективті курстар бойынша білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес қазіргі заман талабына сай технологияларды дұрыс пайдалана отырып, оқушыларға сапалы білім берудегі теория мен практиканың артықшылықтары талданып сипатталған. Химия пәніне деген қызығушылықты арттырудағы элективті курстардың рөлі мен орны айқындалып жазылған.
21 ғасырда жаңа білім беру парадигмасы пайда болуда, оның мәні негізгі екпінді оқушылардың дайын білімді меңгеруінен жаңа білім алу, меңгеру процесін өз бетінше құру қажеттілігі мен қабілетін қалыптастыруға ауыстыру болып табылады. Сондықтан, осыған байланысты мәселелер талқыланды. Ал, тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құрылымы, оның әдістері мен формалары бойынша қазіргі даму кезеңіндегі жалпы білім берудің мақсаты – күнделікті, кәсіптік және әлеуметтік өмірдегі әртүрлі мәселелерді өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін көп функционалды құзіреттілікке ие, еркін, гуманистік бағдарды да таңдауға және жеке интеллектуалдық күш-жігерге дайын тұлғаны қалыптастыруға қажет ақпараттарды қамтиды. Зерттеу жұмысында барлық ақпараттарға сүйене отырып, 9-сынып оқушыларына эксперимент жасалып, арнайы бағдарламамен әзірленген элективті курс жүр- гізілді. Элективті курстың оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып білім беру артықшылығын көрсетеді. Элективті курсты оқушыларға жүргізу арқылы білім алушы- лардың химия пәнінен білім деңгейлері мен қызығушылықтарының төмен болу себептері анықталды.
