Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

МҰНАЙТОТЫҚТЫРҒЫШ БАКТЕРИЯЛАР НЕГІЗІНДЕГІ АССОЦИАЦИЯЛАРДЫҢ МҰНАЙ МЕН МҰНАЙӨНІМДЕРІМЕН ЛАСТАНҒАН ТОПЫРАҚТЫ ТАЗАРТУ МҮМКІНДІГІН ЗЕРТТЕУ

Жарияланды July 2024

253

51

Аңдатпа

Мақалада мұнай және мұнайөнімдерімен ластанған топырақты мұнайтотықтырғыш деструктор-бактериялардан құралған белсенді ассоциацияларды қолдану арқылы тазарту бойынша жүргізілген зертханалық модельдік тәжірибе қарастырылған. Мұнай және мұнай- өнімдері биосфераны ең көп таралған ластаушы заттардың қатарына жатады. Осы мақсат- тарда механикалық және физикалық-химиялық тазарту әдістерін қолдану мүмкіндіктері шектеулігіне (дәлірек айтсақ, қоршаған ортаға зиянын тигізетіні) байланысты қоршаған ортаны мұнаймен ластанудан тазарту мәселесі өзекті болып отыр. Осыған байланысты соңғы кезде мұнай ластануын тазартудың биологиялық әдісі ғалымдардың назарын көбірек аударып келеді. Биологиялық әдіс көміртегінің жалғыз көзі ретінде мұнай мен мұнайөнімдерінің көмірсутектерін пайдалануға қабілетті микроорганизмдерді пайдалануға негізделген. Зертханалық модельдік тәжірибе белсенді Ассоциация І (Rhodococcus sp. 1D/1, Tessaracoccus sp. 13/8, Dietzia sp. 13/4) мен Ассоциация ІІ (Gordonia sp. 12/5, Dietzia sp. 12/7, Rhodococcus erythropolis 14/1, Arthrobacter sp. 15/3) және осы ассоциациялармен бірге органоминералды тыңайтқыштарды (NPK + көң) бірге енгізу арқылы жүргізілген. Тәжірибе нәтижелері мұнайтотықтырғыш бактериялардан құралған белсенді ассоциациялармен бірге органоминералды тыңайтқыш енгізу топырақты мұнай мен мұнайөнімдерінен тазартуда тиімді ықпал ететінін көрсетті. Зертханалық тәжірибе барысында Ассоциация ІІ органо- минералды тыңайтқышпен бірге және органоминералды тыңайтқышсыз да мұнай және мұнайөнімдерін деструкциялауда жоғары нәтиже көрсеткенін анықтады.

PDF