Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАНДА СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМСІЗ ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫ

Жарияланды July 2024

265

110

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда су ресурстарының тиімсіз пайдалану салдары қарастырылып, алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар жасалынады. Бұл зерттеудің мақсаты - еліміздің географиялық орналасуына байланысты, трансшекаралық су ресурстарының таралуын және еліміз үшін экономикалық, әлеуметтік әсерін зерттеу. Қазіргі таңда су ресурстары, еліміздің тұрақты даму стратегиясының маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Су – бұл адамзат үшін, орны бөлек ресурс. Бүкіл әлемнің дамуы тікелей сумен байланысты. Соның ішінде халықтың өсіп-өнуі, экономиканың дамуы, жалпы ішкі және сыртқы өнімі барлығы сумен тығыз байланысты. Сол себепті су ресурстарының Қазақстанға әсері сипатталады. Сондай-ақ, мақалада «Тұрақты даму» концепциясының алтыншы мақсатында қарасты- рылған, су ресурстарын дұрыс пайдалануы, әсіресе тұщы су көзін дұрыс қолдану, санитария- ны сақтау талаптары жайлы және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылған халықтың үлесі, тұщы судың қолданыстағы қорлары, тұщы су алу пайызы жайлы статисти- калық мәліметтер беріліп өтіледі. Сонымен қатар су ресурсарының тиімсіз пайдалу салдар- лары, трансшекаралық келісімдер қарастырылды. Және 11-сынып география оқулығынан су тапшылығы бойынша 2040 жылға арналған болжамдық карта қарастырылады. Қазақстан – географиялық орналасуына байланысты, барлық ірі өзендердің төменгі сағасында орналас- қан мемлекет. Елімізге су ресурстарының жетіспеуі, ең алдымен, осы трансшекаралық өзендерге тікелей байланысты. Мақалада трансшекаралық өзендерден бөлек, республика аумағында орналасқан су жүйелерін дұрыс пайдалану жайлы ұсыныстар қарастырылады.

Жалпы мақалада су ресурстарын біріктірілген басқару жүйесіне анықтама беріліп, тұрақты даму бойынша, су ресурстарын дұрыс қолдану негізінде талдау жасалынады. Өзен жүйелерінің еліміздегі пайыздық көрсеткіші графикалық модельмен көрсетіледі. Су ресурстары бойынша біріктірілген басқару жүйесі қарастырылып, су тапшылығын азайту жолдары ұсынылады. Олар су ресурстарына байланысты елімізде жасалынып жатқан ұлттық жоспарлар мен тұжырымдамалар негізінде жасалған.

PDF