Бұл мақала химия курсын оқыту мәселелерін және оның микрогетерогенді жүйелер техно- логиясымен байланысын қарастыратын зерттеу болып табылады. Мақалада қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамуын ескере отырып, осы тақырыптың өзектілігіне назар ауда- рылады.
Осының негізінде химия курсын оқытудың негізгі әдістемелік тәсілдері көрсетіліп, микро- гетерогенді жүйелердің оқу процесіндегі рөлі мен маңызы да қарастырылады. Химияны тиімді және интерактивті оқытудың мүмкіндіктері талданады. Мақала оқу үрдісінде зама- науи ақпараттық технологияларды пайдалануға арналған.
Ол сонымен қатар микрогетерогенді жүйелердің химиясы мен технологиясын көрнекі және тиімді зерттеу үшін интерактивті электронды ресурстарды, компьютерлік модельдеу- лерді және виртуалды зертханаларды пайдалануды ұсынады.
Мақаланың басты назары мұғалімдерге микрогетерогенді жүйелер технологияларын қолдана отырып, студенттерге химия курсын тиімді оқытуға көмектесетін заманауи әдістерді және тәсілдерді сипаттауға бағытталған. Жұмыс химия, материалтану, фармацевтика, биомедицина, нанотехнология және физика салаларының мамандарын қызықтырады. Мақа- лада студенттердің алған білімдерін нақты өмірде түсінуге және қолдануға көмектесетін практикалық жаттығулардың мысалдары келтірілген. Сонымен қатар, аталған мақалада студенттермен өткізілген сабақтың нәтижелері мен зерттеулері ұсынылды.
