Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

САПАЛЫҚ ТАЛДАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Жарияланды June 2025

114

8

Аңдатпа

ХХІ ғасыр – ақпараттық технологиялар тәрбие, таным және оқу процесін едәуір
жеңілдететін ғасыр. Сондықтан олар білім беру процесінде қарапайым, маңызды және
ажырамас бөлікке айналады. Қазіргі уақытта химиялық пәндерді оқытуда электрондық
ресурстарды пайдаланудың оқытушылар үшінде өте тиімді әрі қолайлы болып отыр.
Мақалада жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесінде химияны – оның ішінде
«Сапалық талдау» пәнін оқытуда электрондық ресурстарды қолданудың ерекшеліктері
қарастырылған. Электрондық ресурстарды дайындау білім беру мақсатында химиялық
дәрістерді жүргізу құралы ретінде қолдануға тиімді. Оқу процесінде электрондық білім беру
ресурсын құру және пайдалану әдістемесі, соның ішінде әзірлеу, сынақтан өткізу кезеңдері,
дәстүрлі әдістермен салыстырғанда электрондық ресурстың тиімділігі мен сенімділігін
талдау зерттеледі. Сонымен қатар, химия пәнін оқытуда электрондық ресурсты сынақтан
өткізген топтар арасында жүргізілген сауалнама сұрақтары мен нәтижелері көрсетіледі.
Электрондық ресурстарды жіктеу және одан әрі талдау үшін, әртүрлі параметрлер
қолданылды, мысалы: функционалды сауаттылықты арттыру, оқытушылардың пікіріне
сәйкес - осы ресурсты пайдалану қажеттілігі және студенттердің таңдаулы оқу стильдерімен
байланыстыру, олардың қажеттіліктерін ескере отырып тиімді дайындау қарастырылған.

PDF