Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТА ЖАҒДАЙЫ

Жарияланды June 2025

68

1

Аңдатпа

Қала аумағының қазіргі географиялық орта жағдайы өзекті мәселелердің бірі. Мақалада
қала аумағының географиялық ерекшеліктері мен оған әсер ететін табиғи факторлар
қарастырылды. Қаланың орналасу ерекшеліктері, жер бедері мен топырақ жамылғысы,
климат, су ресурстары және табиғи апаттардың көрініс беру сипаты зерделенді. Бұл аталған
факторлар қала аумағының табиғи-экологиялық жағдайын анықтайды. Сондықтан да бұл
зерттеу қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және экологиялық қауіп-қатерлерді
анықтау мәселелеріне бағытталған.
Қазіргі қарқынды урбанизация кезеңінде қала аумағын табиғи ортамен өзара байланыста
зерттеу жаһандық үрдіске айналды. Қалалық кеңістіктің дамуы әсерінен табиғи ландшафттар
өзгеріп, экологиялық жүйелерге жүктеме артты. Мақалада қазіргі таңда үлкен
урбанизацияланған аумаққа айналған Алматы қаласының қазіргі географиялық орта
жағдайына табиғи факторлық талдау жүргізілді. Қала аумағында көрініс беретін қауіпті
табиғи апаттардың сипаты және оның қала инфрақұрылымы мен халық өміріне әсері
қарастырылды. Қала аумағының географиялық орта жағдайының өзгеру динамикасы
құрастырылып, қаланың географиялық орта жағдайын жақсарту бойынша бірқатар
ұсыныстар авторлар тарапынан ұсынылды.
Қаланың жүйелі дамуында әлеуметтік-экономикалық процестердің байланысымен қатар,
олардың қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын, экологиялық тұрақтылығын, табиғи
ландшафт ерекшеліктері мен экожүйелік процестерді зерттеу өте маңызды. Жүргізілген
зерттеулердің нәтижелері қала аумағының географиялық орта жағдайы мәселесін
айқындауда, қала құрылысы және төтенше жағдайлардың алдын алу, табиғи-экологиялық
жағдайын жақсартуға үлес қосады. Себебі қала тірі организм ретінде халықтың қоныстану
аймағы ғана емес, сонымен қатар экожүйелік тепе-теңдікті сақтауға әсер ететін күрделі
табиғи-техногендік кешен.

PDF