Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР

Жарияланды June 2025

52

1

Аңдатпа

Бұл мақалада Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер, Орталық Азия
мемлекеттерінің интеграциялық процестерінің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылған.
Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында қалыптасқан, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің әлемдік
қауымдастыққа кіру мәселесі талданады. КСРО ыдырағаннан кейін, қысқа тарихи кезеңде,
Орталық Азияның жаңа тәуелсіз мемлекеттері өз дамуында бірнеше кезеңдерден өтті.
Тәуелсіздік алғаннан бері, Орталық Азия елдері экономикалық және саяси салалардағы
қиындықтармен бетпе-бет келіп, оларды еңсеру үшін бірлескен күш-жігер қажеттігін атап
өтті. Кейіннен Орта Азиядағы елдердің экономикалық, саяси және мәдени дамудың
бағыттары айқындалды.
Тақырыптың өзектілігі, Орталық Азияның интеграциясы аймақтағы тұрақтылық пен
бейбітшілікті сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ТМД және әлемдік
аренадағы проблемаларын шешудегі рөлін арттыру қажеттілігімен айқындалады. Орталық
Азия мемлекеттерін көп ғасырлық тарих, мәдени дәстүрлер мен дін біріктіреді. Осы
мемлекеттердегі мәселелер мен үдерістер ұқсас болып келеді. Қазіргі уақытта интеграциялық
мәселелер таза техникалық-экономикалық сипатқа ие.
Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық процестерін жан-жақты
талдауға және олардың ерекшеліктерін анықтауда бірнеше әдістер қолданылды.

PDF