Мақалада цифрлық технологиялардың жаңа әдістері мен оның білім беру саласындағы
мүмкіндіктері және оларды география сабақтарында пайдалану қарастырылған. Қарастырылып
отырған бұл ойын жүйесі оқуды жеңіл түсіндіру, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыруға,
оқытуды қызық оқытудың цифрлық жүйесін жетілдіруге қол жеткізеді. Мақалада білім беруде
ойын технологиясының мүмкіндіктері мен оқушылардың сабаққа қатысуы мен маңызды деген
қабілеттерін қалыптастыру қарастырылды. Геймификация элеметтері көрсетілді. Платформа
лардың тиімділік көрсеткіштері айқындалды.
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, пәнге
деген қызығушылығын дамыту және оқу материалын тиімді меңгерту мақсатында инновация
лық әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Солардың бірі – геймификация, яғни оқу
процесіне ойын элементтерін енгізу. География сабағында геймификацияны пайдалану оқушы
лардың тек қана теориялық білім алуына емес, сонымен қатар практикалық дағдыларын қалып
тастыруға, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және сыни тұрғыдан ойлауын жетілдіруге
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, геймификация әдісі оқыту мотивациясын арттырып қана
қоймай, XXI ғасыр дағдыларын – цифрлық сауаттылықты, коммуникацияны, креативті ойлауды
дамытуға бағытталады. География сабағында қолданылатын түрлі викториналар, онлайн
платформалардағы интерактивті карталар, мобильді қосымшалар арқылы оқушылар әлемдік
кеңістікті терең әрі қызықты түрде меңгереді. Бұл әдістің тиімділігі – оқу мазмұнына
эмоционалды тартымдылық қосуында және білімді өмірмен байланыстыра отырып ұсынуында.
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН (ГЕЙМИФИКАЦИЯ) ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ : ОБОСНОВАНИЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ ЭЛЕМЕНТОВ ИГРЫ (ГЕЙМИФИКАЦИИ) НА УРОКЕ ГЕОГРАФИИ
Опубликован September 2025
19
6
Аннотация
