Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Естественно-географические науки

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ГЕОЭКОНОМИКАЛЫҚ БОЛЖАУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Опубликован September 2025

14

6

Аннотация

Геоэкономика – экономикалық дамудың жаһандық заңдылықтарын, елдердің экономикалық
стратегиялары мен тактикаларын халықаралық деңгейде зерттейтін ғылым. Ал геоэкономи
каның мақсаты – тұтас жүйе ретінде жаһандық экономикалық кеңістіктің даму үрдістері мен
құбылыстарын талдау және болжау. Геоэкономиканың міндеттері оның әртүрлі сипатымен
айқындалады: экономикалық көрсеткіштерді талдау арқылы жаһандық әлемді тану; жаһандық
экономикалық кеңістіктің экономикалық қатынастар жүйесін талдау; ұлттық экономикалар мен
халықаралық экономикалық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеу.
Қазіргі таңда әлемдiк экономикалық кеңiстiкте экономикалық көрсеткiштердiң бытыраң
қылығы байқалады. Геоэкономикалық зерттеулерде осы міндеттерді орындау үшін әртүрлі
экономикалық көрсеткіштерге жан-жақты талдау жүргізіледі. Сондай-ақ геоэкономика елдер
мен өңірлердің экономикалық даму процестерін, халықаралық құрылымдар мен экономикалық
қатынастарды, жаһандану жағдайындағы геосаяси ахуалдың экономикаға әсерін зерделейді.
Осылайша, геоэкономиканы зерттеу мәні мынадай негізгі блоктарды қамтиды: географиялық
жағдайлар, экономикалық қуат, бәсекеге қабілеттілік, саясат және экономика. Мемлекеттің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру перспективаларын зерттеу үшін жаһандану, әлеуметтік және
экономикалық география саласындағы білім қажет. Қоғам дамуының қазiргi заманғы әлеумет
тiк-экономикалық жағдайларында өскелең ұрпақты экономикалық тәрбиелеу қажеттiлiгi күрт
өсуде. Бұл халықтың нарықтық қатынастарға жеткіліксіз дайындалуына, экономикалық сауат
тылық пен экономикалық қызмет дағдыларының болмауына байланысты. Дәл осы себептен
қоғам экономикалық мәдениетті қалыптастыруды қажет етеді. Бұл қалыптасуды жоғары сынып
оқушыларына арналған мектеп бағдарламасына экономикалық пәндерді енгізуден бастау керек.
Мақалада жаңартылған білім беру мазмұны аясында география пәнін оқытуда геоэконо
микалық болжаудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері нақтыланған.
Осы мақсатта зерттеу жұмысымызда география пәнін оқытуда геоэкономикалық болжаудың
тиімділігі, геоэкономикалық болжауда қолданылатын тәсілдердің маңызы, сондай-ақ, күтілетін
нәтижелері қарастырылған.

PDF (Қазақ)