Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Естественно-географические науки

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ГЕОСАЯСИ МӘСЕЛЕЛЕРІН МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Опубликован September 2025

15

5

Аннотация

Бұл мақалада Орталық Азияның геосаяси мәселелерін мектеп географиясында оқыту
әдістері қарастырылады. Орталық Азия аймағының геосаяси жағдайы әлемдік саясаттың
маңызды мәселелерінің бірі болғандықтан, оның географиялық, тарихи, мәдени және
экономикалық ерекшеліктерін мектеп оқушыларына тиімді түсіндіру қажет. Мақалада оқытудың
интерактивті әдістері, кейс-стадиді қолдану, географиялық карталар мен ақпараттық
технологияларды пайдалану сияқты тиімді әдістер ұсынылған.
Бұл әдістер оқушылардың геосаяси мәселелерді терең түсінуіне және олардың
дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі. Сонымен қатар, геосаяси мәселелерді халықаралық
ұйымдардың көмегімен қалай шешетінін көрсету.
Бұл мақалада Орталық Азияның геосаяси мәселелерін мектеп географиясында оқытудың
маңыздылығы мен тиімді әдістері қарастырылады. Орталық Азия – стратегиялық маңызды
аймақ, онда шекаралық даулар, су ресурстарын әділ бөлу, табиғи ресурстарды пайдалану,
аймақтық қауіпсіздік және ірі державалардың ықпалы сияқты өзекті мәселелер орын алған. Бұл
геосаяси факторлар оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, халықаралық қатынастарды
түсінуге және аймақтық мәселелерге сараптамалық көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Мақалада осы тақырыптарды мектеп географиясында тиімді оқыту үшін дәстүрлі әдістер
мен заманауи интерактивті тәсілдер қарастырылады. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуника
циялық технологиялардың рөліне ерекше назар аударылып, геоинтерактивті карталар, онлайн
платформалар және сандық дерекқорларды пайдалану мүмкіндіктері көрсетіледі.Зерттеудің
эмпирикалық бөлігінде сауалнама және интервью әдістері арқылы мұғалімдер мен оқушы
лардың геосаяси мәселелерді түсіну деңгейі бағаланады. Алынған нәтижелер негізінде мектеп
географиясында геосаяси білім беруді жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.
Зерттеу нәтижелері оқушылардың геосаяси сауаттылығын арттыруға, олардың картография
лық дағдыларын дамытуға, халықаралық қатынастарға саналы көзқарасын қалыптастыруға
ықпал етеді. Сонымен қатар, мақалада ұсынылған әдістер білім беру процесін тиімді әрі қызық
ты етуге, география пәнінің өзектілігін арттыруға және оны қазіргі заманғы шынайылықпен
байланыстыруға мүмкіндік береді.

PDF (Қазақ)