Бұл зерттеуде органикалық химия курсы бойынша Білім алушының өзіндік жұмысын
(БӨЖ) критериалды бағалау парақтары арқылы бағалаудың тиімділігі теориялық және
тәжірибелік тұрғыда талданды. Зерттеудің мақсаты - презентация, постер және интеллект
карта форматындағы оқу өнімдерін бағалауға арналған критерийлердің оқу нәтижелеріне
әсерін анықтау. Критериалды бағалау парақтары Блум-Андерсон таксономиясының деңгей
леріне сәйкестендіріліп, білімді білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау және жаңа өнім жасау
әрекеттерін кешенді түрде өлшеуге бағытталды. Зерттеу 2025-2026 оқу жылының күзгі
семестрінде химия мамандығының 18 студентімен (9+9) жүргізілді, барлық қатысушылар
эксперименттік топ ретінде қарастырылды. Студенттер «Алкандар» тақырыбы бойынша үш
визуалды форматтағы өнім дайындады, бағалау рубрикалары алдын ала ұсынылды,
дескрипторлар нақты дағдыларды өлшеуге бағытталды.
Зерттеу нәтижелері студенттердің оқу жетістіктері форматтар бойынша әртүрлі құзырет
тіліктерге сүйенетінін көрсетті. Бірінші топ барлық форматта жоғарғы деңгейде теңгерімді
нәтиже көрсетсе, екінші топ визуалды қысқа форматтарда (постер, интеллект-карта) жоғары
жетістікке жетті, алайда презентациялық баяндауда салыстырмалы түрде төмен балл жинады.
Бұл деректер студенттердің ғылыми тілдік коммуникация, визуалды-цифрлық сауат, экология
лық ойлау және зерттеушілік дағдыларының дамуы бағалау парақтары арқылы кешенді
өлшенгенін дәлелдеді. Критериалды бағалау академиялық әділдікті қамтамасыз етіп, бағалау
дағы субъективтілікті азайтты, оқу мотивациясын арттырды және рефлексия мәдениетін
қалыптастырды. Зерттеу қорытындысы бойынша критериалды бағалау парақтарын білім
алушының өзіндік жұмысындаде жүйелі қолдану органикалық химияны оқыту сапасын
арттырудың тиімді педагогикалық тетігі ретінде ұсынылады
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ПАРАҚТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланды December 2025
22
50
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
