Бұл мақалада халықаралық ұйымдардың қызметін география пәні арқылы жоғары сынып
оқушыларына оқытудың теориялық-әдістемелік және практикалық негіздері жан-жақты
қарастырылады. Қазіргі жаһандану жағдайында халықаралық ұйымдардың әлемдік әлеуметтік,
экономикалық және саяси үдерістерге ықпалы артып отырғандықтан, олардың қызметін
мектеп географиясында жүйелі түрде оқыту өзекті мәселе болып табылады. Зерттеу барысын
да халықаралық ұйымдарды оқыту оқушылардың тек пәндік білімін ғана емес, сонымен қатар
функционалдық, азаматтық және әлеуметтік сауаттылығын дамытуға ықпал ететіні негіз
деледі.
Мақалада картографиялық-аналитикалық әдістер, кейстік тапсырмалар, зерттеу жобалары
және цифрлық ресурстарды қолдану арқылы оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін жетіл
діру жолдары көрсетіледі. Авторлар оқыту үдерісінде халықаралық ұйымдардың қызметін
функционализм теориясы, әлемдік кеңістікті ұйымдастыру тұжырымдамасы және тұрақты
даму идеялары тұрғысынан талдаудың тиімділігін дәлелдейді. ЮНЕСКО, Біріккен Ұлттар
Ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ОПЕК сияқты халықаралық құрылымдардың
нақты қызметі мысалға алынып, олардың жаһандық мәселелерді шешудегі рӛлі географиялық
кеңістікпен байланыста түсіндіріледі.
Зерттеу нәтижелері халықаралық ұйымдарды география сабағында оқыту оқушылардың
азаматтық жауапкершілігін, бейбітшілікке ұмтылысын, ынтымақтастық мәдениетін және
жаһандық ойлауын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай
мазмұн оқушылардың ақпаратты талдау, салыстыру, бағалау және өмірлік жағдаяттарда
қолдану дағдыларын дамытуға жағдай жасайды. Ұсынылған тәсілдер мектеп географиясында
әлеуметтік тұрақтылық пен жаһандық үрдістерді түсіндірудің тиімді білімдік бағыты ретінде
қарастырылады
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ӘСЕРІН ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУ
Жарияланды December 2025
39
63
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
