Бұл мақалада жасанды интеллект технологияларын геосаясатты оқытуда қолданудың
теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды. Жасанды интеллект технология
ларын геосаясатты оқытуда қолдану білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып
табылады. Мұндай технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың білім алу сапасын
жақсартып қана қоймай, оларды болашақтағы күрделі геосаяси процестерді талдауға және
ғылыми зерттеулер жүргізуге дайындайды. Сондықтан, бұл зерттеудің мақсаты - геосаясатты
оқытуда жасанды интеллекттің тиімді әдістерін айқындау және оның білім беру сапасына
ықпалын жан-жақты талдау болды. Бұл зерттеу жасанды интеллект технологияларының оқыту
сапасына ықпалын зерттеген отандық және шетелдік ғылыми еңбектерге негізделді. Сонымен
қатар, салыстырмалы талдау әдісі, дәстүрлі оқыту әдістері мен жасанды интеллектті қолдану
негізіндегі инновациялық әдістер салыстырылып тиімділігі бағаланды. Зерттеу нәтижесінде,
білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып, олардың аналитикалық және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға мүмкіндік беретіні анықталды. Сонымен қатар, дәстүрлі оқыту әдістері мен жасанды
интеллектке негізделген оқыту модельдері салыстырылып, олардың артықшылықтары мен
шектеулері талданды. Қазақстанда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне толыққанды
енгізу үшін кадрлық ресурстарды дамыту, оқытушыларды даярлау және техникалық инфра
құрылымды жетілдіру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан мен шетелдік
тәжірибелердің негізінде жасанды интеллектті геосаяси білім беруге интеграциялау жолдары
ұсынылды. Осы орайда, жасанды интеллект технологияларын геосаясатты оқытуға енгізу
бірқатар артықшылықтар ұсынғанымен, оны толыққанды қолдану үшін бірқатар қиындықтар
ды еңсеру қажет. Технологияның әлеуетін тиімді пайдалану үшін оқытушылардың біліктілігін
арттыру, оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеу және инфрақұрылымды дамыту
қажет. Сондықтан, Қазақстанда жасанды интеллект негізіндегі оқыту жүйесін дамытуға
бағытталған шаралар қабылданған жағдайда, бұл технологиялар білім беру сапасын арттырып,
оқушылардың аналитикалық және зерттеушілік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ГЕОСАЯСАТТЫ ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР
Жарияланды December 2025
46
68
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
