Қазіргі таңда химия ғылымы мен химия өнеркәсібінің қарқынды дамуы табиғи
ресурстардың шамадан тыс пайдаланылуына, қоршаған ортаның ластануына және
экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына алып келіп, жаһандық экологиялық мәселелердің
ушығуына себеп болып отыр. Әсіресе органикалық химия саласында қолданылатын синтез
әдістері, реагенттер мен өндірістік технологиялар экожүйеге тікелей және жанама әсер ететіні
белгілі. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында органикалық химияны оқыту
барысында экологиялық сауаттылықты қалыптастыру, студенттердің экологиялық
жауапкершілігін арттыру және тұрақты даму қағидаттарын білім беру мазмұнына кіріктіру
өзекті ғылыми-әдістемелік міндетке айналуда. Аталған мақалада органикалық химия пәнін
Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) интеграциялауға бағытталған теориялық-әдістемелік
модель ұсынылады. Ұсынылған модель жасыл химия қағидаттарына, экологиялық қауіпсіздік
талаптарына және цифрлық білім беру технологияларына негізделген. Органикалық химияны
оқытуды экологияландыру мақсатында интерактивті платформалар мен онлайн құралдар
кешенді түрде қолданылды. Студенттердің қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарасының
өзгеруін қадағалау үшін арнайы бақылау жұмыстары мен педагогикалық эксперимент
ұйымдастырылды. Тәжірибелік кезеңнің басы мен соңында алынған көрсеткіштерді талдау
арқылы оқыту әдістемесінің тиімділігі айқындалды.Зерттеу нәтижелері көрсеткендей,
сауалнамаға қатысқан студенттердің 80%-ы онлайн платформалар оқу мазмұнын тиімді әрі
терең меңгеруге елеулі көмек көрсеткенін атап өтті, ал 67%-ы цифрлық технологиялар оқу
үдерісін анағұрлым тартымды және интерактивті еткенін көрсетті. Сонымен қатар, цифрлық
білім беру ресурстарын қолдану студенттердің деректерді талдау, ақпаратты жүйелеу және
экологиялық мәселелерді сыни тұрғыдан бағалау қабілеттерін дамытуға оң әсер еткені
анықталды. Зерттеу нәтижелері тұрақты даму қағидаттарын органикалық химияның
теориялық және практикалық мазмұнымен байланыстыра оқытудың тиімді екенін көрсетті.
Онлайн ресурстарды пайдалану студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқу
мотивациясын күшейтті, сондай-ақ олардың экологиялық мәселелерге сыни көзқарасын
қалыптастырды. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері студенттердің кәсіби даярлығын
арттыруда органикалық химияны экологияландырудың маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жарияланды March 2026
3
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
органикалық химия, тұрақты даму мақсаттары, жасыл химия, экологиялық сауаттылық, жоғары білім
Дәйексөздерді қалай жазу керек
