Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНДЕ ТАБИҒИ НЫСАНДАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕ САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ (ДРОНДЫҚ ТҮСІРІЛІМ МЫСАЛЫНДА)

Жарияланды March 2026

2

5

Аңдатпа

Қазіргі таңда географиялық білім беруде сандық технологияларды тиімді пайдалану табиғи нысандарды тереңірек түсінудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл мақалада Көлсай көлдері мен Қара шатқал аймағында дрон технологиясы арқылы жүргізілген зерттеу нәтижелері талданады. Зерттеудің мақсаты – дрондық түсірілім негізінде алынған кеңістіктік деректерді физикалық географияны оқыту үдерісінде тиімді пайдалану әдістемесін ұсыну. Далалық зерттеу барысында DJI mini 4 Pro дроны қолданылып, Көлсай көлдері мен Қара шатқалдың жоғары сапалы аэрофото және бейнематериалдары алынды. Алынған деректер Google Earth Pro бағдарламасы арқылы өңделіп, зерттелген нысандардың рельефтік құрылымы, жағалау пішіні және экожүйелік ерекшеліктері анықталды. Үш өлшемді модельдер мен панорамалық визуализациялар табиғи ландшафттардың динамикасын нақты көрсетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде бұл материалдар физикалық география сабақтарында табиғи процестерді модельдеу, кеңістіктік талдау және экологиялық мониторинг тақырыптарын түсіндіруде көрнекі құрал ретінде пайдаланылды. Дрондық түсірілімдерді оқу процесіне енгізу оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, зерттеушілік дағдыларын, аналитикалық ойлауын және цифрлық сауаттылығын дамытуда жоғары нәтиже көрсетті.

PDF