Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

Жарияланды March 2026

0

2

Аңдатпа

Бұл мақалада биология пәнін оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың
оқушылардың білім нәтижелеріне ықпалы қарастырылды. Зерттеу Алматы қаласындағы
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 8-сыныбында 25 оқушының қатысуымен
жүргізілді. Зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды: диагностикалық, эксперименттік және
бақылау. Диагностикалық кезеңде оқушылардың экология тақырыбы бойынша бастапқы
білім деңгейін анықтау үшін алдын ала тестілеу жүргізілді. Эксперименттік кезеңде сабақ
барысында виртуалды зертханалар, мультимедиялық презентациялар және интерактивті
тапсырмалар қолданылды. Сонымен қатар, оқушылардың оқу белсенділігін арттыру
мақсатында цифрлық платформалар тиімді пайдаланылды. Бақылау кезеңінде қорытынды
тест өткізіліп, нәтижелер бастапқы көрсеткіштермен салыстырылды. Алынған деректер
бойынша, оқушылардың жоғары деңгейдегі үлесі 16%-дан 60%-ға дейін артты, ал төмен
деңгейдегі үлесі 44%-дан 4%-ға дейін қысқарды. Бұл өзгерістер цифрлық технологиялардың
оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, білім сапасын едәуір жақсартқанын
дәлелдеді. Сонымен қатар, цифрлық құралдар оқушылардың өзіндік жұмыс жасау
дағдыларын дамытуға оң әсер етті. Зерттеу барысында Л. Шульманның TPACK-моделі, Дж.
Дьюидің тәжірибелік оқыту тұжырымдамасы, сондай-ақ отандық және шетелдік
ғалымдардың әдістемелік тұжырымдары қолданылды. Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері
биология сабақтарында цифрлық технологияларды қолдану оқушылардың білім нәтижелерін
жетілдірудің тиімді әдісі екенін көрсетті.

PDF