Мақалада биология сабақтарында виртуалды оқу платформасын пайдаланудың білім
алушылардың оқу нәтижелеріне әсері қарастырылады. Елімізде цифрлық трансформацияны
жеделдету және заманауи технологияларды барлық салаларға, соның ішінде білім беру
жүйесіне кеңінен енгізу қажеттілігіне тоқталған. Виртуалды оқу платформалары білім
алушыларға теориялық материалды қалай меңгертетінін, зертханалық жұмыстарды цифрлық
ортада орындауда қойылатын талаптарын түсіндірген. Оны зерттеуші
R. Mayer мультимедиялық оқыту теориясында ақпараттың мәтіндік және визуалды түрде
ұсынғанын, анимациялар, интерактивті модельдер және визуализация құралдары күрделі
ғылыми ұғымдарды түсінуді жеңілдетіп, білімнің ұзақ мерзімді есте сақталуына әсер
еткенімен келтірген. Зерттеу барысында зертханалық жұмыстарды орындауға арналған
BioSphere виртуалды оқу платформасы әзірленіп, оқу үдерісіне енгізілді. Платформа
тиімділігін анықтау мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді. Платформаны
құрылымы мен техникалық талаптары мен жүйенің функционалдық модульдеріне толық
түсініктеме берілген. Негізгі интерфейс «Био-әлем картасы» форматында ұсынылып, оқу
мазмұны тақырыптық аймақтарға бөлген. Платформа интерфейсінде «Микроәлем»,
«Ботаникалық бақ», «Анатомия корпусы» және «Генетика мұнарасы» сияқты бөлімдер
жеке аймақтар ретінде көрсетілген. Экспериментке техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымының бірінші курс студенттері қатысты. Зерттеу нәтижелері виртуалды оқу
платформасын қолданған эксперименттік топ білім алушыларының оқу жетістіктері бақылау
тобымен салыстырғанда жоғары болғанын көрсетті. Қорытынды тестілеу нәтижелері бойынша
эксперименттік топтың орташа балы айтарлықтай өскен және жоғары деңгейдегі білім
алушылардың үлесі артқан. Алынған нәтижелер виртуалды оқу платформасының білім
сапасын арттыруға ықпал ететін тиімді цифрлық құрал екенін дәлелдейді.
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ВИРТУАЛДЫ ОҚУ ПЛАТФОРМАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ
Жарияланды June 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
