Алматы қаласының жалпы өнімінің өсуі Қазақстан аймақтары арасындағы ең үздік
көрсеткіштердің бірі. Қаланың сапалы және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қала
экономикасын әртараптандыру мен инвестицияларды белсенді тартумен тығыз байланысты.
Алматы қаласы еліміздің экономикалық орталығы және Қазақстан мен бүкіл Орталық
Азияның дамуында маңызды орын алатын қарқынды дамып келе жатқан қала ретінде әлем
елдеріне танылуда. Алматы өзінің географиялық тиімді орналасу жағдайымен, маңызы бар
көлік-логистикалық орталық ретінде Шығыс пен Батысты байланыстыруымен, дамыған
экономикасымен іскерлік және мәдени қарым-қатынас жасауда, сондай-ақ инновацияларды
өндіріс пен қоғам өміріне ендіруімен ерекшеленеді.
Ұсынылып отырған мақалада осындай әлеуеті бар Алматы қаласының әлеуметтік
экономикалық дамуын жалпы білім беретін мектептерде тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқыту
ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Ол үшін алдымен типтік білім беру
бағдарламаларына талдау жасалып, қаланың демографиялық жағдайы, экономикалық әлеуеті,
қызмет көрсету саласының дамуы, көлік инфрақұрылымы мен урбандалу үдерістері
географиялық білім беру мазмұны тұрғысынан талданды.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан географиясын оқытудың Типтік оқу
бағдарламасында «Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы» бөлімі қарастырылады.
Онда білім алушылардың Қазақстан аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті, халықтың
орналасу ерекшеліктері, шаруашылықтың аумақтық ұйымдастырылуы және әлеуметтік
көрсеткіштері қарастырылып, оқу мақсаттары аймақтардың даму факторларын анықтауды,
мамандану салаларын статистикалық және картографиялық материалдар негізінде
салыстырмалы талдау жүргізуді, сондай-ақ аймақтық дамудың өзекті мәселелері мен
перспективаларын айқындауды көздейді.
Мақалада осы оқу мақсаттарға жетуді жүзеге асырудың әдістемесі жүйелі түрде
сипатталады. Әдістеме өзара байланысқан оқытудың белсенді әдістері арқылы сипатталады.
Бұл білім алушылардың
білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану қабілетін нығайтуға,
проблемаларды шешу және шешім қабылдау құзыреттіліктерін дамытуға, географиялық
деректермен жұмыс істеу, картографиялық және статистикалық ақпаратты талдауда цифрлық
құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланды June 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
