Бұл мақалада Қазақстанның жетекші туристік аймақтарының бірі болып табылатын
Алматы қаласындағы экологиялық туризмнің дамуына табиғи апаттардың әсері
қарастырылады. Таулы аймақтарда туризмнің қарқынды дамуымен туристік қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің және табиғи ресурстарды тұрақты пайдаланудың маңыздылығы айтарлықтай
артып келеді. Бұл зерттеудің мақсаты - Іле Алатауы аймағына тән табиғи тәуекелдерді талдау
және олардың инфрақұрылым мен рекреациялық нысандарға әсерін бағалау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми әдебиеттерді және статистикалық деректерді
талдауға негізделген. 1966 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңдегі сел, қар көшкіні және су
тасқыны туралы деректер қарастырылып, олардың кеңістіктік және уақыттық таралуындағы
заңдылықтары анықталды. Туризмге қатты әсер ететін қауіпті үдеріс ретінде сел, қар көшкіні,
су тасқыны, көшкін және тас құлау екені анықталды. Ең осал аймақтарға — Кіші Алматы,
Үлкен Алматы, Талғар, Қарғалы және Ақсай өзен бассейндері. Бұл аумақтарда туристік
ағынның артуы төтенше жағдайлардың туындау ықтималдығын күшейтіп, табиғи ортаға
түсетін жүктемені арттыратыны анықталды.
Зерттеу мониторинг, болжау және заманауи ақпараттық-коммуникациялық ескерту
жүйелерін енгізуді қоса алғанда, кешенді табиғи тәуекелдерді басқару қажеттілігін негіздейді.
Қауіпсіз туристік маршруттарды әзірлеудің және туристердің хабардарлығын арттырудың
маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеудің практикалық маңыздылығы тәуекелдерді бағалау және
қауіпсіздік бойынша ұсыныстар әзірлеуде, осылайша Қазақстанның таулы аймақтарында
экотуризмнің тұрақты дамуына ықпал етуде жатыр. Зерттеу нәтижелері табиғи қауіптердің
туристік қызметке тікелей әсер ететінін және оларды алдын ала бағалау мен басқару
экотуризмнің қауіпсіз дамуының негізгі шарты екенін көрсетеді.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПТІ ТАБИҒИ ПРОЦЕСТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ҮШІН ҚАУІП ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Жарияланды June 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
