Биологиялық препараттарды өндіру барысында микробиологиялық бақылау өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды шаралардың бірі болып саналады. Оның көмегімен өндірістің санитариялық жағдайы бағаланып, дайындалатын өнімнің бөгде микроорганизмдермен ластану қаупі анықталады. Сонымен қатар мұндай бақылау фармацевтикалық және биологиялық препараттарды дайындаудың әр кезеңінде микробиологиялық қауіпсіздікті қадағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу аясында биологиялық препараттарды өндіру үдерісінің әртүрлі сатыларында жүргізілген микробиологиялық мониторинг нәтижелері қарастырылды. Бақылау кезінде өндірістік бөлме ауасынан, жұмыс беттерінен және қызметкерлерден алынған сынамалар зерттеліп, олардағы микроорганизмдердің сандық көрсеткіштері мен сапалық құрамы анықталды. Зерттеу барысында микроорганизмдердің морфологиялық және культуралық ерекшеліктеріне талдау жүргізіліп, бірнеше типтік микробтық популяциялар анықталды. Зерттелген үлгілерде грамоң кокктардың, бациллалардың және зең саңырауқұлақтарының басым кездесетіні байқалды. Алынған мәліметтер зертханалық ортадағы микробиологиялық тазалықтың деңгейін бағалауға, сондай-ақ биологиялық препараттарды өндірудің әр кезеңінде санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуын жүйелі түрде бақылауға негіз болады. Сонымен қатар, биологиялық препараттарды өндіру саласында қолданылатын микробиологиялық бақылау әдістерін оқу үдерісіне енгізу студенттердің теориялық білімін зертханалық тәжірибемен байланыстыруға жағдай жасайды. Мұндай тәсіл білім алушыларға микробиологиялық мониторинг нәтижелерін талдау мен интерпретациялау дағдыларын меңгеруге және зерттеушілік құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді
БИОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ ӨНДІРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланды October 2026
18
11
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
