Бұл мақалада мектеп географиясы пәнінде туризм мен өлкетануды ұйымдастырудың
заманауи тәсілдері қарастырылады. Туризм мен өлкетану оқушылардың географиялық білімі
мен мәдени және табиғи мұраларды түсіну қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды
құрал болып табылады. Авторлар гиподинамияның алдын алу, оқушыларды белсенді зерттеу
қызметтеріне тарту және олардың танымдық қызығушылықтарын арттыру үшін туризм мен
өлкетанудың рөлін атап көрсетеді. Мақалада экскурсиялар, далалық зерттеулер мен жобалық
қызметтерді қолдану арқылы оқушылардың географиялық білімі мен практикалық
дағдыларын жетілдіру мәселелері талданады. Өлкетану мен балалар туризмі оқушылардың
туған өлке туралы білімдерін арттырумен қатар, олардың физикалық, зияткерлік және
рухани дамуына маңызды ықпал етеді. Мақалада Қазақстандағы мектептерде өлкетану мен
балалар туризмінің рөлі мен маңыздылығы айқындалған. Балалар табиғат пен мәдениетке
жақындау арқылы патриоттық сезімдерін нығайтып, өмір бойы қажетті дағдыларды игереді.
Бұл қызметтер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, олардың табиғатқа
және қоғамға деген көзқарастарын қалыптастырады. Мектептегі өлкетану жұмыстары
оқушыларды зерттеушілік дағдыларға, ұжымдық жұмысқа және экологиялық мәдениетке
тәрбиелейді.
МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жарияланды October 2024
188
14
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
мектеп географиясы, туризм, өлкетану, экскурсиялар, далалық зерттеулер, оқыту әдістемесі, белсенділік.
Дәйексөздерді қалай жазу керек

