Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Естественно-географические науки

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА САПАСЫН БАҒАЛАУДА ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Опубликован September 2025

15

6

Аннотация

Алматы қаласының ауа сапасы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары экономиканың
үздіксіз дамуына, халық санының өсуіне және көлік кептелісінің ұлғаюына байланысты қаланың
ауа сапасы нашарлады және атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуының артуына ықпал
етті. Қаланың географиялық ерекшеліктері, атап айтқанда, тау жоталарымен қоршалуы және жиі
болатын ауа тоқырауы, ластаушы заттардың жиналуына әкеледі. Атмосфералық ауаның
ластануы - қала тұрғындарының денсаулығына әсер ететін негізгі фактор. Қала аумағының ауа
сапасын талдау тұрғындардың денсаулығын қорғау және экологиялық жағдайы мен ластану
деңгейін анықтау үшін қажет. Мақалада Алматы қаласының ауа сапасын бағалау және бақылау
үдерісінде цифрлық ресурстарды қолданудың маңыздылығы қарастырылды. Қазіргі уақытта ауа
ластануын анықтау үшін AirKz, IQAir, AirVisual сияқты онлайн платформалар мен мобильді
қосымшалар кеңінен пайдаланылады. Зерттеу барысында осы ресурстардың тиімділігі, дерек
тердің дәлдігі және олардың экологиялық мониторинг жүйесіндегі рөлі талданды. 2025 жылдың
наурыз айының 1-10 аралығындағы қаланың ауасын ластаушы заттарға бақылау жүргізіліп,
аудандар бойынша ауа сапасы индексіне талдау жасалды. Алматы қаласы аудандарындағы ауа
ластануының деңгейі салыстырмалы түрде көрсетіліп, ең проблемалық аудандар анықталды.
Зерттеу барысында атмосфералық ауадағы негізгі ластаушы заттар – көміртек оксиді (CO), азот
диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), қатты бөлшектер (PM-2.5, PM-10) және озон (O₃)
көрсеткіштері талданды. РМ-2,5 ұсақ қалқыма бөлшектерінің антропогендік көздері мен
қауіптілігі сипатталды. Бұл зерттеу Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту және
тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ауа сапасын бағалауда цифрлық ресурстарды
тиімді пайдалану қажеттілігін негіздейді.

PDF (Қазақ)