Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР КӨМЕГІМЕН ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

Жарияланды April 2024

229

38

Абай атындағы ҚазҰПУ

e-mail: zhuldyz767@list.ru

Аңдатпа

Мақалада жоғары сынып оқушыларының цифрлық ортада өзара мұғаліммен қарым-қатынастарының өнімді жолдары мен қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын цифрлық платформалар көмегімен құрастырылу жолдары қарастырылған. Жоғары сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттері, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастырудағы алғышарттары мен цифрлық ресурстардың маңыздылығы туралы шетелдік және отандық ғалымдардың дереккөздерімен жұмыс жасалынды. Оқытудағы бірқатар мәселелердің бастамасы республика деңгейінде алынған еркін формадағы мұғалімдер арасындағы сауалнамада анықталды. Алынған сандық ақпараттар статистикалық және сипаттамалық тәсілдермен ұсынылды. Ғылыми жұмыстың өзектіліктері талқылау сұрақтары арқылы негізделіп, шешімдері айқындалды.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларының география сабақтарында, теориялық білімдерінің практикада қолданылуында мұғалімнің цифрлық ресурстар көмегімен ұсынылған қалыптастырушы бағалау тапсырмасының тиімділігін анықтау.

Мұғалім оқу мақсаттарына сай ұсынылатын қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын оқушының болашақ жоғары оқу орнының білім алушы, кәсіби маман болатынын ескеріп, әдістемелік қорын ұлғайтуда цифрлық ресурстардың көмегімен сабақтастырып отыру қажет.

pdf