Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІНІҢ РӨЛІ

Жарияланды April 2024

256

154

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі уақыттағы география ғылымынң дамуының бағыттарын қарас- тырып, сонымен қатар география пәнінің ЖОО- мен қатар орта білім беру ұйымдарындағы оқытудың әртүрлі тәсілдернің маңызы мен оның рӛлінің артуына сипаттама беріледі. Қазіргі география – бізді қоршаған табиғи орта, халықтың географиясы, шаруашылық пен ауыл шаруашылығы салаларының географиясы, табиғи ресурстарды пайдалану географиясы туралы білім мен түсініктер тоғысатын әртүрлі ғылымдар мен салалардың күрделі кешен екеніне түсіндірме жұмыстары жасалынды. Сонымен бірге, география ғылымында және оның ішінде оқыту бағытында ғаламдық және аймақтық жағдайларына талдау жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте Қытай еліндегі география ғылымынң дамуы және оның білім берудегі жаңа орны туралы зерттеу және талдау жұмыстары қарастырылды. Сонымен қатар, география пәнін оқытуда жасалынантын әдістемелерде ең бірінші маңызды міндеттеріне аса мән беріп талқылау жасалынды. Зерттеу, талдау жұмыстары бойынша география ғылы- мының дамуы мен оны оқытудағы тиімді жасалған әдіс-тәсілдердегі ақпаратқа қол жеткізе алдық, оның ішінде география ғылымының дамуын әртүрлі шетелдік ғалымдардың еңбегі мен қазақ еліндегі білікті, білімді ғалымдар мен профессор ұстаздардың ұсынысынан екі жақты қарастырылды. Жаһандық білім беруде – жаһандық түсінікті дамыту үшін географиялық білім берудің негізгі мақсаттары қарастырылды. Себебі қазіргі әлемнің дамуымен қатар ғылым салаларыда даму үстінде екені бәрімізге айқын көрінді. Сонымен қатар қазіргі география пәнінде мұғалімінің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік дайындығында оқу-әдістемелік құралдарды жеткілікті білу маңызды екеніне де тоқтала кеттік. Осы бағытта белгілі бір елдің дамуы үшін әрине ең бірінші білім беру бағытына аса қатты мән берілері анық. Нақтырақ айтар болсақ біз бұл мақалада география ғылымының дамуы мен оның сапалы білім берудегі рөліне тоқталып отырмыз.

Мақаланың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы география ғылымының дамуы мен білім беруде география пәніндегі түрлі әдістемелік құралдардың рөлі мен оның оқытудағы маңыздылығында болып отыр.

Мақалада география ғылымының дамуы мен география оқулықтарына арналып жасалған әдістемелік құралдардың рӛлі мен маңыздылығына зерттеу және талқылау жұмыстары жасалынды.

PDF