Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ САБАҒЫНДА ОҚУ ҮРДІСІНІҢ ӨТКІЗІЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланды April 2024

219

100

Аңдатпа

Мақалада гистологиялық зерттеу сабақтарында оқыту методикасын немесе мазмұнды
реформалау қажеттілігі анықталды. Мақалада гистологиялық зерттеу сабақтарын оқу
барысында биолог-мұғалімдердің көмегімен гибридті оқыту әдістерін қолдану қажеттілігі
негізделеді. Оқытудың гибридтік формасы дәстүрлі оқыту әдістерін де, компьютерлік
технологияны да қамтиды, осы әдістін мәні және оны дәрістік және практикалық сабақтарда
қолдану ерекшеліктері ашылды.Бұл әдістің оқу-тәрбие процесін жетілдірудегі, студенттердің
ақыл-ой белсенділігінің деңгейін, танымдық қызығушылығын, коммуникативті дағдыларын
арттырудағы рөлі дәлелденген. Гистологиялық зерттеу сабақтары биолог мамандарды
дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады. Олар студенттерге адам ұлпалары мен
мүшелерінің микроқұрылымын зерттеуге, сондай-ақ патологиялық өзгерістерді анықтауға
үйретуге арналған. Дегенмен, гистология сабақтарын жүргізудің өзіндік ерекшеліктері болуы
мүмкін екені айтылған. Практикалық жаттығулар мен зертханалық жұмыстар студенттерге
ұлпалар мен мүшелерді өз бетінше зерттеуге мүмкіндік беретіні, бұл материалды жақсы
түсінуге және оны ұзақ уақыт есте сақтауға кӛмектесетіні баяндалған

PDF