Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ХИМИЯ ПӘНІНЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланды April 2024

196

106

Аңдатпа

Берілген мақалада қазіргі кезде өте өзекті болып саналатын тақырып қарастырылды.
Мақаланың тақырыбы: Оқушылардың химия пәніне қызығушылықтарын арттыру жолдары.
Неліктен бұл тақырып өзекті? Себебі, осы жылы қаңтарда химия-биология таңдаған
оқушылар саны 18% ды құраған. 2022 жылы жүргізілген статистикаға сәйкес химия
биология таңдаған оқушылар саны 17% ды ғана құраған. Ал 2021 жылғы статистикада
химия-биология таңдаған оқушылар саны 18,6% ды құраған. Бұл көрсеткіштерге қарап,
химия таңдайтын оқушылар санының аз екендігі байқалады. Сондықтан, оқушылардың
химия пәніне қызығушылықтарын арттыру өзекті болып саналады. Мақалада жаратылыстану
ғылымы – химия пәнінің адамзатқа пайдасы өте зор екені келтірілді. Атап айтатын болсақ,
қазіргі біздің қолданып жүрген тұрмыстағы заттарымыз, тамақ өнеркәсібі, кір жуу,
қолданатын дәрілеріміз және т.б көптеген заттардың барлығы химияға тікелей байланысты.
Сондықтан да химия пәні адамзат үшін өте пайдалы ғылым болып саналады. Сондай-ақ
мақалада химия пәнінен оқушылардың қызығушылықтарының төмен болу себептері
айқындалды, әдебиеттерге шолу бөлімінде химия пәнінен ғалымдардың мектеп оқушы
ларына сабақ өту барысында жүргізген зерттеулері, химия пәнінен мектеп оқушыларының
қызығушылығын арттыратын оқыту технологиялары мен әдістері қарастырылды. Зерттеу
әдістерінде жалпы барлық дәйектерге және өзіндік тәжірибелерге сүйене отырып ортақ
мәліметтер негізінде жұмыстар жасалды. «Не себепті химия пәні оқушылар үшін қиындық
туғызады, оқушыларды химия пәніне қалай қызықтыра аламыз»? деген сұрақтардың жауабы
табылды және оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған
зерттеулер жүргізілді. Зерттеу әдістерінде оқушыларға «Шағын химия макеті» әдісі бойынша
эксперимент жүргізілді. Бұл эксперимент бойынша оқушылар бір заттың бірнеше заттармен
байланысын және жылдамдатылған түрде химияны бір сабақтың өзінде жақсы түсініп шыға
алады. 2 - эксперимент – Химияны күтізбелі ретте оқу. Бұл эксперимент бойынша оқушылар
белгілі бір стандартқа бейімделеді. Осы стандартқа бейімделген оқушылар міндетті түрде
химияны түсіне алады және қызығушылықтары артады. Оқушыларға жүргізілген зерттеулер
арқылы оқушылардың химиядан білім деңгейлері мен химиядан қызығушылықтарының
төмен болу себептері анықталды.

PDF