Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

АГРАРЛЫҚ САЛА БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды April 2024

152

77

Аңдатпа

Қазіргі педагогикалық ғылым мен практика, жаратылыстану ғылымдары, оның ішінде
химия ғылымы және олардың әдіснамалары аграрлық саладағы білім алушыларға химиялық
білім беруді қайта құруға, инновациялық түрлендіруге жеткілікті негіз дайындады.
Мақалада аграрлық бағыттағы жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары
пәндерінен білім сапасы, білім алушылардың осы пәндерді меңгеру деңгейі мен білім
сапасын жетілдірудегі кейбір мәселелер қаралады.
Жаратылыстану ғылымдары пәндерін оқытуда түрлі әдістемелік және педагогикалық
технологиялар, ақпараттық ресурстар және қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету
өнімдері және білім сапасын бақылауға мүмкіндік беретін аса маңызды интерактивті
элементтер қолданып, оқытуды білім aлyшылaрдың жеке сұрaныстaры мен мүмкіндіктеріне
бaғыттay күшейтілyде. Сәйкесінше білімнің сaпaсынa қойылaтын тaлaптaр aртып, бұл
сaлaның әлеyметпен өзaрa әрекеттестігіне негізделген құрылымдық – қызметтік дaмyының
кӛкейтестілігі aртyдa. Сондықтан, агротехникалық жоғары оқу орнындағы химия пәнін
оқытудың мазмұны мен әдістемесін жетілдіру, қайта құру, оның аграрлық білім беру жүйе
сіндегі маңыздылығын жаңа бағытта жаңғырту қажеттіні туындауда. Қазіргі жағдайда
болашақ аграрлық бағыттағы маманның жеке тұлғасын қалыптастыруда, өзін-өзі тәрбиелеу,
өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту дағдылары, бұл үшін қажетті жағдайлар
жасайтын білім берудің кешенді инфрaқұрылымы, бaсқaрy және бақылау формaлaры, ғы
лыми әдістемелік қызмет түрлері де дaмyдa.
Жаратылыстану ғылымдары пәндерінен мәселенің шешімін біз химия-аграрлық білім
берудегі оның іргелі идеяларын синтездеу негізінде инновациялық қайта құрудан, химия
курсының осы жүйесіндегі орны мен маңыздылығын анықтаудан, сондай-ақ оның мазмұнын
жаңғыртудың ғылыми негізделген Стратегиясынан және жоғары аграрлық білімнің заманауи
мақсаттарына сәйкес келетін зерттеу қызметтерінен кӛреміз.

PDF