Бұл мақала химия сабағында функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы мен
тәсілдерін қарастырады. Қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті – оқушылардың білімін
арттырумен қатар, олардың алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білу дағдыларын дамыту
болып табылады. Функционалдық сауаттылық – адамның білімін нақты өмірде қолдану қабі
летін арттырады, бұл оқушылардың жеке және әлеуметтік өмірінде табысты болуына ықпал
етеді. Әсіресе, химия пәні оқушыларға химиялық білімдерін күнделікті өмірде қолдануға
мүмкіндік береді, себебі химия ғылымы табиғат құбылыстарын түсіндіруге және тәжірибелік
әдістерді пайдалануға негізделген.
Мақалада химия сабағында функционалдық сауаттылықты арттыру үшін қолданылатын
түрлі әдіс-тәсілдер ұсынылады. Оқушыларды өмірдегі нақты мәселелерді шешуге бағыт
тайтын тапсырмалар олардың сыни ойлауын дамытады және ғылыми білімді іс жүзінде
қолдану дағдыларын қалыптастырады. Бұл тұрғыда жоба әдісі, кейс-стадиді талдау, ғылыми
тәжірибелер мен ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы ерекше. Жоба әдісі
оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырып, нақты мәселелерді шешу
барысында тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Кейс-стадиді талдау оқушылардың проблемаларды
шешу қабілетін дамытуға ықпал етеді, ал ғылыми тәжірибелер оқушылардың теориялық
білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар
(АКТ) оқу процесін жеңілдетіп, химия пәні бойынша визуализациялар мен интерактивті
тапсырмалар арқылы материалды меңгеруге көмектеседі. Мақалада Қазақстандағы білім
беру реформалары мен функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған шаралар да
талқыланады. 2016 жылдан бастап енгізілген жаңартылған оқу бағдарламалары, PISA зерт
теулерінің нәтижелері және STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) білім беру
бағытындағы жобалар оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған
маңызды қадамдар болып табылады. Сонымен қатар, әлемнің бірнеше елдеріндегі тәжіри
белер де қарастырылады. Мысалы, Финляндия мен Еуропа елдерінде химия пәнінде жобалық
оқыту әдістерін қолдану оқушылардың сыни ойлауын және практикалық дағдыларын дамы
туға ықпал етеді.
Қорытындысында, химия сабағында функционалдық сауаттылық тапсырмаларын тиімді
қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, олардың ғылыми ізденісін
және сыни ойлау қабілетін жетілдіреді. Мақалада ұсынылған әдіс-тәсілдер мен халықаралық
тәжірибелер химия пәнін оқытудағы сапаны арттырып, оқушыларды ғылым мен техниканың
заманауи талаптарына сай дайындауға бағытталған. Қазақстанның білім беру жүйесінде
функционалдық сауаттылықты дамыту, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арт
тыру және өмірде кездесетін мәселелерді шешуге даярлау – маңызды міндеттердің бірі
болып табылады.

