Мақалада география пәнін оқыту барысында жобалық іс-әрекет негіздерін қалыптасты
рудың педагогикалық маңызы мен тиімді әдістері қарастырылады. Жобалық әдіс оқушы
лардың білімін тереңдетіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, зерттеушілік
дағдыларын қалыптастыруға, дербес жұмыс істеу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобалық іс-әрекет арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, олар өзекті
мәселелерді шешуге бағытталған практикалық тапсырмаларды орындау барысында маңызды
құзыреттерді меңгереді. Мақаланың өзектілігі де осында: бүгінгі күні білім беру саласында
оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаны жан
жақты қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Қазақстанның жаңартылған білім беру мазмұны
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, өмірлік дағдыларды меңгеруге
бағытталған. Осы мақсатқа жетуде жобалық іс-әрекет негіздерін қолдану – ең тиімді
әдістердің бірі. География пәні оқушылардың қоршаған орта туралы терең білім алуына ғана
емес, сонымен қатар жаһандық мәселелерді түсінуге, оларды шешудің жолдарын іздеуге
мүмкіндік береді. Жобалық іс-әрекет арқылы оқушылар табиғат пен қоғам арасындағы бай
ланысты зерттеп, нақты деректер мен құбылыстарға негізделген шешімдер қабылдай алады.
Сонымен қатар, бұл әдіс оқушылардың сыни ойлау, коммуникация, топтық жұмыс және
дербес шешім қабылдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Осылайша, география пәнінде жобалық іс-әрекеттің маңыздылығы оқушылардың таным
дық белсенділігін арттыруымен, пәнге деген қызығушылығын оятуымен және олардың
практикалық құзыреттерін дамытуымен түсіндіріледі. Бұл мақала аталған бағыттағы ғылыми
және практикалық тәжірибені байытуға үлес қосады. Сонымен бірге оқушылардың ғылымға
деген қызығушылығын арттыра отырып жаңашылдыққа бейімдейді сонымен қатар өзіндік
шығаршылықты дамытуға мүмкіндік береді. Мақаланың жазылуы барысында бірнеше
жұмыстар жасалынды, жобалық жұмыстардың маңызы, және оқытуда қолданылатын әдіс
тәсілдер және өзектілігі мен болашағы бойынша бірқатар әдебиеттер мен ғылыми еңбектерге
сүйендік және талдау, талқылау жұмыстары жасалынды.
ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖОБАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Жарияланды December 2024
99
19
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

