Мақалада іскерлік ойын элементтерін оқу үдерісіне енгізу – тиімді әдістердің бірі ретінде
қарастырылады. Іскерлік ойындар оқушылардың пәнге деген мотивациясын арттырып қана
қоймай, олардың белсенді оқу әрекетіне қатысуын қамтамасыз етеді, оқу материалының маз
мұнын тереңірек түсінуге, топта жұмыс істеу, өз көзқарасын қорғау және нақты шешім қабылдау
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Химия сабағында ойын формаларын қолдану
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын сақтап қана қоймай, олардың теориялық білімдерін
практикамен ұштастыруына, танымдық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ сабақта барынша көп
оқушыны қамтитын орта қалыптастыруға септігін тигізеді. Мұндай әдіс әсіресе пәнге қызығу
шылығы төмен оқушыларды тартуға және оларды оқу процесіне белсенді қатыстыруға көмек
теседі.
Зерттеу нәтижесінде, химия сабағында ойын элементтерін қолдану оқушылардың пәнге
деген психологиялық көзқарасын өзгертіп, олардың білімді тәжірибеде қолдана білуін қамтама
сыз етеді. Бұл тәсіл оқушылардың топтық жұмыста ынтымақтастық дағдыларын қалыптас
тырып, өзара әрекеттесуін нығайтуға ықпал етеді.
Қорытындылай келе, іскерлік ойындар әдісін қолдану білім беру процесін жаңғыртуда
маңызды рөл атқарып, оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын сақтап, олардың
білім деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
ХИМИЯ ПӘНІНДЕГІ ІСКЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Опубликован September 2025
9
0
5
Аннотация
Язык
Қазақ
Ключевые слова
химия пәнін оқыту үдерісі, іскерлік ойын элементтері, білім сапасы, таным дық белсенділік.
Как цитировать
