Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Жарияланды July 2024

217

61

Аңдатпа

Берілген мақалада қазіргі кезде өте өзекті болып саналатын тақырып қарастырылды. Мақаланың тақырыбы: Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту кезінде интерак- тивті оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту. Неліктен бұл тақырып өзекті? Мақалада Lesson Study тәсілін ұйымдастыру тәжірибесі қарас- тырылады және оны қолданудың тиімділігі негізделеді, өйткені сабақты зерттеу мұғалімнің кәсіби дамуына, оны оқытуға және қолдауға бағытталған. Оқытудың әдіс-тәсілдерін жетіл- діруге мүмкіндік беретін және әрбір оқушының білім деңгейін арттыруға көмектесетін оқы- туға деген көзқарасты өзгерту үрдісі ашылды. Сондықтан, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылықтарын арттыру өзекті болып саналады. Мақалада жаратылыстану ғылымы – химия, география, биология, математика пәндерінің адамзатқа пайдасы өте зор екені келтірілді. Атап айтатын болсақ, қазіргі біздің қолданып жүрген тұрмыстағы заттары- мыз, тамақ өнеркәсібі, кір жуу, қолданатын дәрілеріміз және т.б көптеген заттардың барлығы жаратылыстану пәндеріне тікелей байланысты. Сондықтан да жаратылыстану пәндері адамзат үшін өте пайдалы ғылым болып саналады. Сондай-ақ мақалада жаратылыстану пән- дерінен оқушылардың қызығушылықтарының төмен болу себептері айқындалды, әдебиет- терге шолу бөлімінде химия пәнінен ғалымдардың мектеп оқушыларына сабақ өту барысын- да жүргізген зерттеулері, химия пәнінен мектеп оқушыларының қызығушылығын арттыра- тын оқыту технологиялары мен әдістері қарастырылды. Зерттеу әдістерінде жалпы барлық дәйектерге және өзіндік тәжірибелерге сүйене отырып ортақ мәліметтер негізінде жұмыстар жасалды. «Не себепті жаратылыстану пәндері оқушылар үшін қиындық туғызады, оқушы- ларды жаратылыстану пәндеріне қалай қызықтыра аламыз»? деген сұрақтардың жауабы табылды және оқушылардың жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыруға бағыт- талған зерттеулер жүргізілді. Зерттеу әдістерінде оқушыларға интерактивті оқыту стратегия- лары арқылы жаратылыстану және математика пәндерін оқыту кезінде сыни ойлау дағды- ларын дамытуға қаншалықты көмектесетіні бойынша эксперимент жүргізілді. Осы стандарт- қа бейімделген оқушылар міндетті түрде жаратылыстану пәндері мен математиканы түсіне алады және қызығушылықтары артады. Оқушыларға жүргізілген зерттеулер арқылы оқушы- лардың жаратылыстану пәндеріне білім деңгейлері мен қызығушылықтарының төмен болу себептері анықталды.

PDF (English)