Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ТӨҢКЕРІЛГЕН СЫНЫП ТӘСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланды December 2024

116

37

Аңдатпа

Оқыту мен оқу үдерісінде ақпараттық технологиялар оқушыларға ғылыми ұғымдарды тез
түсінуге және оларды игеруге мүмкіндік беретін оқытуға көмектесетін маңызды құрал. Мұға
лімдерге бұл үдерістің тиімділігін арттыруда нәтижесін көрсетіп отырған педагогикалық
тәсілдің бірі – «төңкерілген сынып».
«Төңкерілген сынып» – интернетті қолдана отырып, сабақты видео түрінде көрсетуге
негізделген педагогикалық тәсіл. Қазақстанның білім беру жүйесінде бұл жаңа тәсіл түрі
болып табылады. Қазіргі таңда АКТ-ның оқыту мен оқу үдерісіне ықпалы жайлы зерттеулер
өте көп, алайда бұл мақала зерттеу деректерімен қатар, тәжірибелік зерттеулерге негізделген.
Зерттеу барысында зерттеуге ұсынылған дерек жинау әдістері мен құралдары қолданылды.
Сонымен қатар, «Төңкерілген сынып» моделі бойынша оқыту әдістері мен құралдарына
байланысты ғылыми-әдістемелік және оқу әдебиеттеріне талдау жүргізілді. «Төңкерілген
сынып» тәсілін қолданудың мәні ашып көрсетілді және оның артықшылықтары қазіргі
заманғы сабақтарға қойылатын талаптар тұрғысынан сипатталады.
Мақалада жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқыту үдерісінде төңкерілген
сынып тәсілдерін қолданудың маңызы мен ерекшеліктері сипатталған. Сондай-ақ, оқыту үде
рісінде «төңкерілген сынып» тәсілін қолданудың мүмкіндіктері талданып, оқытудың дәс
түрлі технологиясынан артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланады.

PDF