Мектеп географиясы географиялық ғылымның ерекшеліктерін көрсете отырып, табиғат
ты, қоғамды және олардың өзара іс-қимылының сипатын зерделеудің кешенді тәсілімен
ерекшеленеді, сондықтан іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру үшін зерттеу қажет тақырып
тардың бірі. Мектеп географиясын оқыту кезінде оқушылардың зерттеу, практикалық және
шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру оқушылардың білімін жетілдіруге, оларда геогра
фиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Климаттың жаһандық өзгерістері қазіргі қоғамның маңызды мәселелерінің бірі болып
отыр, сондықтан мектеп бағдарламасына бұл тақырыпты енгізу білім беру процесінің өзекті
міндеттеріне айналды. Оқушыларды климаттық өзгерістердің себептері, салдары және олар
ды азайту жолдары туралы оқыту экологиялық сауаттылықты арттырады, сыни ойлау мен
мәселелерді шешу дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, оқыту барысында табиғи ресурс
тарды ұтымды пайдалану, жаңартылатын энергия көздерін қолдану, экологиялық таза көлік
және қалдықтарды дұрыс басқару сияқты практикалық аспектілер қарастырылады. Бұл оқу
шылардың экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастырып, оларды ғаламдық экология
лық мәселелерді шешуге бағытталған белсенді азаматтар ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
Бұл мақалада мектептегі білім беру процесіндегі, соның ішінде географиядағы климаттық
өзгерістерге қарсы күресті оқытуға байланысты әдебиеттік талдаулар жүргізілді. Мектептегі
география пәні бағдарламасындағы климат пен климаттың өзгеруін зерттеудің маңызды
лығы, оқушылардың климаттың өзгеруіне қарсы күресте зерттеушілік қабілеттерін дамыту,
алдын алу шаралары сияқты күрделі және даулы тақырып бойынша шет елдік зерттеулер мен
ғалымдардың теориялық пікірлері талқыланады.
Мақаланың практикалық маңыздылығы білікті бітіру жұмысының материалдары мен
зерделеу және талдау негізінде жасалған қорытындыларды жалпы білім беретін мекеме
лердің география мұғалімдері әртүрлі сыныптардағы климат тақырыбын неғұрлым егжей
тегжейлі зерделеу кезінде география сабақтарында, сондай-ақ география мұғалімінің сабақ
тан тыс қызметінде пайдалана алатындығында болып табылады.
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА «КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛДАРЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС» ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Жарияланды December 2024
155
15
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
география, климат, жобалық іс-әрекет, білім беру бағдарламасы, темпера тура, көмірқышқыл газы
Дәйексөздерді қалай жазу керек

