Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ACTION RESEARCH ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланды March 2026

2

3

Аңдатпа

Мақалада биология сабағының тиімділігін арттыру мақсатында Action Research (іс
әрекеттегі зерттеу) әдісін қолданудың теориялық және тәжірибелік негіздері қарастырылады.
Зерттеу №33 мектеп лицейдің 8-сынып оқушыларымен жүргізіліп, зерттеуге жалпы саны 19
білім алушы қатысты. Эксперименттік жұмыс биология пәнінің «Тыныс алу» бөлімі аясында
ұйымдастырылып, альвеола мен қан арасындағы газ алмасу, өкпедегі қанның оттекке
қанығуы, ұлпа мен қан арасындағы газ алмасу, тыныс алу және тыныс шығару механизмі,
өкпенің тіршілік сыйымдылығы, тыныс алу қозғалыстарының жиілігі, сондай-ақ шылым
шегудің өкпе қызметіне әсері сияқты негізгі тақырыптарды қамтыды.
Зерттеу Action Research әдісінің циклдік құрылымына сәйкес диагностикалық,
жоспарлау, іс-әрекет, бақылау және рефлексия кезеңдері бойынша жүзеге асырылды. Оқыту
үдерісінде зертханалық жұмыстар, тәжірибелік тапсырмалар, модельдеу, топтық және талдау
жұмыстары қолданылды. Зерттеу нәтижелері оқушылардың оқу материалын меңгеру
деңгейінің, танымдық белсенділігінің және пәнге қызығушылығының кезең-кезеңімен
артқанын көрсетті.
Алынған нәтижелер Action Research әдісінің биология сабағында теория мен
практиканың өзара байланысын күшейтуге, оқушылардың зерттеушілік және
функционалдық сауаттылығын дамытуға, сондай-ақ мұғалімнің рефлексивті-кәсіби қызметін
жетілдіруге ықпал ететін тиімді педагогикалық тәсіл екенін дәлелдейді.

PDF