Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ВОЛОНТЕРЛІК ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланды September 2026

15

12

Аңдатпа

Бүгінгі таңда мемлекеттік цифрландыру саясатын жүзеге асыру жағдайында геоақпараттық технологияларды (ГАТ) және картографиялық материалдарды пайдалану мектеп географиясы пәнінде маңызды рөл атқарады. Мұндай технологиялар оқытуды интерактивті, практикалық және визуалды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен білім сапасын арттырады. Осы орайда, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «AbaiLabs» ғылыми-инновациялық паркі, «География, экология және туризм ғылыми-әдістемелік орталығы» аясында және Алматы кітап баспасы, Алматы қаласының Білім беру басқармасы өкілдері, волонтер профессор-оқытушылармен бірлесе ұйымдастырылған семинар мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығын арттыруда тиімді құрал болып табылды. Ғылыми әдістемелік семинарда тәжірибелік бағыт басым болды, мұғалімдерге нақты картографиялық тапсырмаларды орындау, заманауи ГАТ құралдарын қолдану және сабақ жоспарын интерактивті әдістермен толықтыру тәжірибесі ұсынылды.

Мақалада ғылыми-әдістемелік семинардың ұйымдастырылуы, өткізілу форматы, педагогикалық, әдістемелік нәтижелері және қолданбалы тәжірибелік тиімділігі талданады. Сонымен қатар семинар барысында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін, технологиялық сауаттылығын, сыныптағы интерактивті әдістерді қолдану дағдыларын және оқушыларға бағытталған оқыту сапасын арттырудағы рөлі қарастырылады. Университет, География және экология кафедрасы тарихында алғаш рет Волонтер профессор-оқытушылардың жетекшілігімен өткізілген семинар бағдарламасы, мектеп мұғалімдерін кәсіби дамыту үдерісіне енгізудің тиімділігін дәлелдейді және болашақта осындай семинарларды кеңінен ұйымдастыруға арналған тәжірибелік ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

PDF